Қапшағай қаласының қалалық кітапханасының блогына қош келдіңіздер!

Қапшағай қаласының қалалық кітапханасының қысқаша тарихы

«Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  тарихы Қапшағай қаласы құрылуынан бастау алады. Кітапхана Қапшағай қаласы, 1 шағын ауданында, бұрынғы мектептің ғимаратында орналасқан.

Тұрғын халық саны – 57,6 мың, оның ішінде Қапшағай қаласы бойынша – 43,5 мың.

Елді мекендер саны – 11.

Мемлекеттік жүйедегі кітапханалар саны -3.

1971 жылы қалалық кітапхана болып ашылды.

2009 жылы Алматы облысы әкімінің шешімімен «Қапшағай қаласы әкімінің қалалық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

2008 жылы Шеңгелді ауылында №1 кітапхана-филиалы ашылды.

2011 жылы Заречное ауылында №2 кітапхана-филиалы ашылды.

2010 жылы кітапханалық  КАБИС бағдарламасы енгізілді.

2013 жылы  атауы «Қапшағай қаласы әкімінің қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

2016 жылы атауы «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып болып өзгертілді.

Кітапхананың кітап  қоры 90524 дана кітап.

Оқырман саны – 10 634 адам.

Келушілер саны – 73924 адам.

Кітап берілімі – 199 548 кітап.

Электронды каталог 52746 жазбаны құрайды.

Мекемені 2009 жылдан Ғ.Тоқабаева басқарып келеді.

Қалалық кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету және қорды  ұйымдастыру және пайдалану бөлімдері жұмыс істейді. Қалалық кітапханадағы «Мөлдір бұлақ» және «Подруги» клубтары кітапханадағы іс-шараларға қатысумен қатар, клуб отырыстарын ұйымдастырып, қызығушылықтары бойынша кітап әлеміндегі жаңалықтармен танысады.

 

Реклама